Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
“Волковгеология” АҚ-да 86 млн теңге жымқыру ісі сотқа өтті
Жаңалықтар

“Волковгеология” АҚ-да 86 млн теңге жымқыру ісі сотқа өтті

10.09.2025
1 мин
0
162
Сурет: ашық дереккөз

Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясының құрылымдық бөлімшесі саналатын, геологиялық барлау және технологиялық бұрғылаумен айналысатын "Волковгеология" АҚ-да бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Тергеу деректеріне сәйкес, компанияның бұрынғы басқарма төрағасы Д.Н. Молдаши екі жыл бойы орындалған жұмыстарға қатысты жалған актілер рәсімделген схеманы ұйымдастырған. Құжаттарда "Казбурмаш СК" ЖШС-нен жеткізілмеген қосалқы бөлшектер қабылданғаны туралы мәліметтер көрсетілген.

Осы актілердің негізінде контрагентке 86 млн теңгеден астам қаражат аударылып, кейін заңсыз иемденілген.

ҚМА мәліметінше, тергеу барысында күдіктілер келтірілген материалдық шығынды толық өтеді. Қылмыстық іс сот қарауына жіберілді.

Еске сала кетейік, бұған дейін осы іс аясында "Волковгеология" АҚ филиалының директоры А.М. Борашев, "Казбурмаш СК" ЖШС басшысы Е.С. Алипбаев және бухгалтер Г.Ж. Токатаева3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылған болатын.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл