Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Яндекс Go қосымшасында Electro тарифі пайда болды, оны таңдаған жағдайда тапсырыстарға электромобильдер келеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Алғашқы кезеңде тарифке 700 автокөлік қосылады. Кейінірек сервис серіктестері электромобильдер паркін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Қолданушыларға BYD, Hongqi, Tesla, Zeekr, Volkswagen, Audi және басқа да танымал маркалардың заманауи және кең электромобильдері ұсынылады.
Осы тариф бойынша тапсырыстарды қабылдайтын жүргізушілер жоғары рейтингке ие және қосымша оқудан өткен. Оқу барысында олар қарым-қатынас стандарттарын, киім үлгісін және жолдағы қауіпсіздік ережелерін меңгерген. Сапарлардың құны 700 теңгеден басталады.
“Electro тарифі алматылықтарға “Комфорт+” тарифімен салыстырғанда жоғары санаттағы көліктерді пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл тариф аясында жаңа, заманауи, жайлылығы жоғары, жүруі бірқалыпты және дыбысы өте тыныш көліктер келеді. Бұл сапарларды тек жағымды етіп қана қоймай, қызмет көрсету сапасының жаңа стандартын қалыптастырады”, – деп атап өтті Яндекс Go-дың Қазақстандағы басшысы Тайыр Байдүйсен.