| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
ЮНЕСКО қазақ, қырғыз және қарақалпақ халықтарының киіз үй жасау дәстүрлерін әлемдік мәдени мұра ретінде мойындады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанның (Қарақалпақстан) киіз үй жасау дәстүрлері ЮНЕСКО-ның адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының халықаралық тізіміне қосылды.
Бұл шешім 10 желтоқсанда Нью-Делиде өткен Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі үкіметаралық комитеттің 20-сессиясында бірауыздан қабылданды.
Номинацияда киіз үй тек баспана ретінде емес, сонымен қатар қазақ, қырғыз және қарақалпақ халықтарының ұлттық ерекшелігін бейнелейтін мәдени символ ретінде көрсетілген.
Биыл комитет 68 номинацияны қарастырған, ал қазіргі таңда ЮНЕСКО тізімінде 153 елден 812 элемент тіркелген.