Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
«Бурабай» ұлттық паркі мен Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы ЮНЕСКО тізіміне қосылмақ, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Алматыда Қазақстанның ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясының 30 жылдығына арналған жиын өтті.
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен өткен отырысқа комиссияның тұрақты мүшелері, тиісті мемлекеттік органдардың вице-министрлері, мәдениет, білім және ғылым салаларының белгілі қайраткерлері қатысып, комиссия қызметінің өзекті мәселелері талқыланды. Онда ел аумағындағы ЮНЕСКО тізіміне енген нысандарды сақтау ісіне ерекше көңіл бөлінді.
Жиында мемлекеттің ғылым, мәдениет және білім салалары бойынша халықаралық ынтымақтастықты жан-жақты дамытуға үлкен мән беретіні және ЮНЕСКО мен ИСЕСКО ұйымдарына мүшелігінің арқасында ұлттық мүдденің басым міндеттерін іске асыру керектігі айтылды. Сонымен қатар, Қазақстанның «Бурабай» мемлекеттік ұлттық паркі мен Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығын ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік биосфералық резерваттар желісіне қосу туралы ұлттық өтінімі қанағаттандырылғаны айтылды.
Қоса кетейік, былтырғы жылы ЮНЕСКО шеңберінде ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық және әйгілі әнші Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойлары аталып өткен болатын.
Фото: Ашық дереккөзден