Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Белгілі заңгер Айгүл Орынбек Түркістанда кесене алдында ЛГБТ туымен суретке түскендерді жазалауды талап етті, деп хабарлайды Dauletten.kz.
«Қылмыс қай жерде жасалды, оқиға болған жерде қылмыстық іс ашылуы керек. Екі әйел бір-бірімен қарым-қатынаста шығар, адамның жеке өміріне ешкімнің қол сұғуға құқысы жоқ, оны жақсы білемін. Бірақ екеуара қатынасты насихаттау үшін бүкіл бір ұлттың қасиетті мекенін таңдап, халықтың діни таным-сезімдерімен ойнау – үлкен қылмыс!
«Әркімнің таңдауын сыйлау керекпіз» деп өз мәдениетімізді, өз ұлтымыздың құндылығын, рухани тектілік-қастерін ұмытпауымыз керек.
Мына екі азамат шектен шықты. Еуропаның заңын, өмір сүру қағидасын, «тұрпайы» ұғымын біздің елге тықпалап қажеті жоқ. Екеуаралық қарым-қатынасты үндемей-ақ жасап жүре беруге болады. Ал оны көпшілік алдына шығып, біздің менталитетіміз бен тегімізге қайшы келетін ең киелі мекенде насихаттап отыруы, бұл – қасақана әдейі жасалған іс әрекет деп ойлаймын», – деді заңгер.
Айгүл Орынбек бұл әрекетті ұлтымыздың демографиясына төніп тұрған қауіп деп санайды.
«Дәстүріміз бен дініміздің қаймағы бұзылмай отырған Оңтүстік аймаққа, рухани Астанаға келіп жұрттың ашуын туғызуы да тегіннен-тегін емес. Сондықтан бұның артында кім тұр немесе сырттан да сақтануымыз қажет. Әр елдің заңын, діни көзқарасын, руханиятын сыйлау керек. Құрметтесін, аяқ тартсын. Егер ұнамайма, Еуропаға барып тұрсын. Сол себепті, мына екі азаматқа қылмыстық іс ашылсын» деп жазды ол.