Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Зеленский сирек металдар келісімінен бас тартса, үлкен қиындықтарға тап болады – Трамп
Жаңалықтар

Зеленский сирек металдар келісімінен бас тартса, үлкен қиындықтарға тап болады – Трамп

31.03.2025
1 мин
0
99
Сурет: Reuters

АҚШ президенті Дональд Трамптың айтуынша, Украина басшысы Владимир Зеленский пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі келісімнен бас тартқысы келеді. Трамптың пікірінше, егер Зеленский бұл келісімнен шықса, "үлкен қиындықтарға" кезігеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Трамптың сөзінше, Украина президенті сирек жер металдары жөніндегі келісімнен бас тартуға талпынып жатыр. 

- Егер ол мұны жасаса, өте үлкен қиындықтарға тап болады, – деп мәлімдеді Трамп Reuters агенттігіне берген сұхбатында.

Ол сондай-ақ Зеленскийдің НАТО-ға мүше болуды қалайтынын, бірақ Украинаның альянсқа қосылмайтынын айтты. "Ол мұны түсінеді", – деді АҚШ президенті журналистерге президенттік ұшақ бортында.

Өткен аптада халықаралық БАҚ Вашингтонның Киевке келісімнің жаңартылған нұсқасын ұсынғанын хабарлады. Құжат бойынша, АҚШ Украинадағы барлық дерлік пайдалы қазба кен орындарын бақылауға алуды көздейді, алайда Киевке ешқандай қауіпсіздік кепілдігі берілмейді.

Зеленский Украина бұл құжатты алғанын растады. Бұған дейін Парижде өткен баспасөз мәслихатында ол жер қойнауын пайдалану келісімінің шарттары үнемі өзгеріп жатқанын айтқан болатын.

Келісімге қол қою Ақ үйде Трамп, Зеленский және АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнстің қатысуымен өтеді деп жоспарланған еді. Алайда келіссөздер барысында келіспеушіліктер туындаған.

2024 жылдың қарашасында Украина президенті Зеленский Трампқа сирек металдар бойынша келісім жасауды ұсынған. 2025 жылдың ақпанында Киев АҚШ қаржы министрі Скотт Бессентке Украинада бірлескен кен өндіруді және Вашингтонның басым құқыққа ие болуын қарастыратын "серіктестік келісімін" тапсырды.

The Daily Telegraph басылымы 2025 жылдың 17 ақпанында АҚШ әкімшілігінің ұсынысы тек сирек металдарды ғана емес, Украинадағы мұнай, газ, порттар мен инфрақұрылымды да қамтитынын жазды. Басылымның мәліметінше, Вашингтон қойған шарттар "Украинаны экономикалық колонияға айналдыруы" мүмкін.

Келісім бойынша АҚШ-қа Украина табиғи ресурстарынан түскен табыстың 50%-ы және жаңа лицензиялардың жартысы берілетін еді. Сарапшылардың пікірінше, бұл жүйе "алдымен АҚШ-қа төлеу, содан кейін ғана халықты қамтамасыз ету" қағидатына негізделген.

Владимир Зеленский бұл құжатта "қауіпсіздік кепілдіктеріне қатысты нақты талаптар жоқ" екенін алға тартып, келісімге қол қоюдан бас тартты. Ол инвестиция тек қауіпсіздік кепілдіктерімен бірге қарастырылуы керек деп есептейді.

АҚШ билігі Зеленскийдің бұл шешімін "шала ойластырылған қадам" деп бағалады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл