Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Зейнет жасын төмендету мәселесін Үкімет талқылаған жоқ – Вице-Премьер
Жаңалықтар

Зейнет жасын төмендету мәселесін Үкімет талқылаған жоқ – Вице-Премьер

28.06.2022
1 мин
3
1937

Премьер-Министрдің орынбасары, Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев қазақстандықтардың зейнет жасын төмендету мәселесі еш қарастырылмағанын айтты.

Өткен аптада Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов зейнет жасын төмендету мәселесі талқылау сатысында деген еді. Журналистер бүгін Үкімет үйінде Е. Жамаубаевтан осы мәселені сұрап көрді. 

«Әзірге бұл тақырып (зейнет жасын төмендету – ред.) қаралған жоқ», - деп жауап берді Ерұлан Жамаубаев.

Сондай-ақ, ол зейнетақы жасын төмендету бойынша есептеулерге қатысты мәселеге түсініктеме берді.

«Зейнетақы төлемдеріне жыл сайын 2,2 трлн теңгеден астам қаражат жұмсалады. Кез келген өзгеріс триллиондармен саналады. Үкімет бұл мәселені талқылаған жоқ. Арнайы заң бар», - дейді Ерұлан Жамаубаев.

Оның айтуынша, кез келген өзгеріс терең есептеулер мен салалық талқылауды қажет етеді. 

Қаржы министрінің айтуынша, нақты талқылау әлі болған жоқ.

«Жыл сайын республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 2,2 трлн теңге бөлеміз. Еңбек министрлігінде көптеген жақсы бағдарламалар бар, соның ішінде «Күміс жасын» атауға болады. Бұл бағдарламаларға белгілі бір қаражат бөлінеді. Әзірге біз қолданыстағы заңға сүйенеміз», - деді Ерұлан Жамаубаев. 

 

 

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
3 Пікір
Р
Р 28.06.2022
Халық жан-жақтан қарсылық білдіріп жатса, Үкіметке бәрі бір болып тұрғой.Өздері өлгенше билікте отырса болды.Халықты ешкім ойлап жатқан жоқ.Қайран елімай
Жауап беру
Н
Нигора 28.06.2022
Негізінде жумісіна байланысты шығу керек зейнетке.мен сондай ойлаймын
Жауап беру
28.06.2022
томендету керек.
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл