493.85
571.78
6.25
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Зейнетақы қаражатын медициналық қызметке пайдалану жүйесі өзгереді
Жаңалықтар

Зейнетақы қаражатын медициналық қызметке пайдалану жүйесі өзгереді

10.03.2026
мин
0
232
Сурет: Aikyn.kz

Қазақстанда тіс емдеуге зейнетақы пайдалану уақытша тоқтатылды, - деп хабарлайды Dauletten.kz. 

«Отбасы банк» қазақстандықтарға зейнетақы жинағын стоматологиялық емдеуге пайдалану тетігін ашық әрі бақылауға ыңғайлы ету бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Кейбір азаматтардың қаражатты мақсатсыз пайдалануы салдарынан бұл мүмкіндік уақытша тоқтатылды.

- Халық қаражаттарының 10%-ы мақсатсыз пайдаланылғандықтан, 90% азамат осы мүмкіндіктен айырылып отыр. Бұл өте өкінішті, – деді Ләззат Ибрагимова.

Оның айтуынша, 2026 жылдың соңына дейін зейнетақы жинақтарын стоматологиялық емдеуге пайдалану процесін толық цифрландыру жоспарланған. Жаңа жүйе аясында стоматологиялық клиникалар мен медициналық қызмет көрсететін ұйымдар арнайы платформаға енгізіледі.

Жүйе арқылы барлық клиникалар мен медициналық ұйымдардың деректері онлайн режимде тіркеліп, атқарылған жұмыстар актілері де электрондық форматта рәсімделеді. Сонымен қатар, жаңа платформа Денсаулық сақтау министрлігімен интеграцияланып, процестер ашық әрі бақылауға ыңғайлы болады.

Бұған дейін Қазақстанда тісті емдеуге зейнетақы жинағын пайдалану өтінімдері 2026 жылғы 15 сәуірге дейін тоқтатылған болатын. Мұндай шешім жалған құжаттар мен заңсыз рәсімдеулерге байланысты қабылданды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл