Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
БЖЗҚ зейнет жасына жеткен, соған байланысты зейнетақы қорына өтініш бермеген зейнеткерлерді іздеп жатыр.
Яғни БЖЗҚ зейнет жасына толғанымен тағайындалған және бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін алуға өтініш бермеген адамдарға іздеу салады.
2018 жылы енгізілген «бір терезе» композиттік қызметіне байланысты зейнет жасына келгендер бірыңғай өтінішпен және құжаттар топтамасымен Халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгінуі керек.
«БЖЗҚ ақпараттық жүйелерінде қордан төлемдер жүзеге асырылмаған 200 мыңнан аса шот (200 160) бар. Бұл ретте зейнеткерлік жасқа жеткен азаматтар бюджеттен қаражаттарын алып жатыр. Олардың көпшілігі зейнеткер қатарына 2018 жылдың 11 қазанына дейін қосылған», – делінген БЖЗҚ хабарламасында.