Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Зейнетақы жинағын пайдалану: салымшылар 173,7 млрд теңгені қайтарды
Жаңалықтар

Зейнетақы жинағын пайдалану: салымшылар 173,7 млрд теңгені қайтарды

27.06.2021
1 мин
1
1323

2021 жылдың 24 маусымындағы жағдай бойынша БЖЗҚ салымшылардың зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін пайдалануға берген 331 595 өтінішін орындады, деп хабарлады бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры.

"Банктерде ашылған қазақстандықтардың арнайы шоттарына БЖЗҚ 1,5 трлн теңгеден аса қаржы аударды. Біржолғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы – шамамен 4,6 млн теңге", - делінген хабарламада.

Орындалған өтініштердің ең көбі Алматы қаласының (16,44%), Маңғыстау облысының (15,83%), Нұр-Сұлтан қаласының (12,95%) тұрғындары тарапынан жолданған. 

Айта кетейік, уәкілетті операторлардан салымшылардың жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) өтініш берушінің өтініші және өзге де себептер бойынша 171,5 млрд теңгеден аса сома қайтарылды. Себебі қазақстандықтар біржолғы зейнетақы төлемдерін белгіленген мерзімде пайдаланбаған.

Бұған қоса БЖЗҚ-ға емделуге 17 465 өтініш түсті, оның ішінде 11,8 млрд теңгеге 12 445 өтініш орындалды, орташа сома – шамамен 1 млн теңге.

Сонымен қатар, салымшылардың БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарына уәкілетті оператордан 2,2 млрд теңге қайтарылды. Бұл қаражат өтініш берушінің өтініші және өзге де себептер бойынша белгіленген мерзімде пайдаланылмаған.

Жалпы алғанда, салымшылар жалпы сомасы 173,7 млрд теңгеге 51 301 өтінішті (тұрғын үй/емделу) қайтарды.

Қазіргі уақытта зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалануға өтініштерді қабылдайтын уәкілетті операторлар "Отбасы банкі" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ, "Қазақстан Халық банкі" АҚ, "Altyn Bank" АҚ, "Банк ЦентрКредит" АҚ болып табылады.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
з
зейнетақы жинақтарын қолма қол бериле ме.не үшин колма қол бермлмиді.жиналған зейнетақыны өз қалауынша қолланбасқа.мәселен үйин жөндеуден өтизу.т.б.сол сияқты. 27.06.2021
зейнетақы жинақтарын қолма қол бериле ме.не үшин колма қол бермлмиді.жиналған зейнетақыны өз қалауынша қолланбасқа.мәселен үйин жөндеуден өтизу.
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл