Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов зейнетақы жинағының бір бөлігін баспана алу мақсатында пайдалану жайлы тоқталды.
Оның айтуынша, жинақтағы ақшаны салымшы өзіне, жұбайына, жақындарына да пайдалануға бере алады. Сонымен қатар отбасындағы мүшелердің ақшасын біріктіру мәселесі де қарастырылатын болды.
Ал жинақтың бір бөлігін баспана алуға пайдаланатын азаматтар тек жаңа тұрғын үйді ғана емес, екінші нарықтағы үйлерді де таңдай алады. Азаматтардың қалауы бойынша жер немесе баспана алуға болады.
"Жинақтағы ақшамен ипотекалық қарызды қайта қаржыландыруға және өтеуге мүмкіндік бар. Ипотеканың қандай банктен немесе бағдарлама түрі маңызды емес. Тек азаматтарға қойылатын шарттардың бірі баспананы 5 жылдың ішінде сатуға тыйым салынады", - деді Нұрымбетов.
Тағы көру