Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жәбірленушіні байлап қойған: Алматыда 30 млн теңгенің қарақшылық қылмысы ашылды
Жаңалықтар

Жәбірленушіні байлап қойған: Алматыда 30 млн теңгенің қарақшылық қылмысы ашылды

19.01.2026
мин
0
328

Алматына 30 миллион теңгенің қарақшылық шабуылы бірден әшкере болды, – деп хабарлайды Dauletten.kz.

Алматы қаласында полиция қызметкерлері шамамен 30 миллион теңге көлемінде материалдық шығын келтірілген қарақшылық шабуылды "ізін суытпай" ашты.

Қылмыс күндізгі уақытта жасалған. Белгісіз әлдебіреу күш қолданамын деп қорқытып, жәбірленушіні байлап, зергерлік бұйымдар, бағалы мүлік және ақшалай қаражатты қолды қылған. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері қысқа мерзім ішінде екі күдіктіні анықтап, ұстады. Тергеу әрекеттері кезінде ұрланған мүліктің едәуір бөлігі тәркіленді. Ұсталғандар кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

- Бұл қылмыстың ашылуы – іске тартылған барлық бөлімшенің үйлесімді әрі кәсіби жұмысының нәтижесі. "Заң мен тәртіп" қағидаты біз үшін ұран емес, күнделікті қызметтің басты талабы. Ауыр қылмыстың ешқайсысы жауапсыз қалмайды, ал әрбір жәбірленуші мемлекет пен полицияның өз жағында екеніне сенімді болуы тиіс, – деді Алматы қаласы ПД бастығының бірінші орынбасары Қуатбек Науатов.

Қазіргі уақытта күдіктілердің осыған ұқсас өзге де қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл