Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жалақы - 700 мың теңге: жол жөндейтін мамандар қажет
Жаңалықтар

Жалақы - 700 мың теңге: жол жөндейтін мамандар қажет

11.11.2024
1 мин
2
1046
Сурет: aqmeshit-zhastary.kz

Қазақстанда жол жөндеу мамандарына 700 мың теңге жалақы ұсынылады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қазақстанда жол салу және жөндеу саласындағы мамандарға тапшылық мәселесі өзекті болып отыр. Осы саладағы сапасыз жұмыстардың негізгі себептерінің бірі – жоғары білікті мамандардың жетіспеушілігі. Бұл мәселені шешу мақсатында еліміздің Көлік министрлігі бірнеше жылдан бері білім беру ұйымдарында кәсіби бағдарлау және ақпараттандыру жұмыстарын белсенді түрде жүргізіп жатыр.

Министрлік өкілі Нұртілек Хасеновтің айтуынша, жол жөндеу мамандарының жалақысы қазіргі таңда 600 мыңнан 700 мың теңгеге дейін жетеді. Бірақ осы салада жұмыс істейтін тәжірибелі мамандардың аздығы елімізде жүргізіліп жатқан жол құрылысында қиындықтар туғызып отыр.

Соынмен қатар мұндай жоғары жалақы білікті мамандарды тартуға бағытталған шаралардың бірі.

Алайда, кәсіби жолшы мамандарды дайындау үшін бірнеше жылдық оқу қажет. Сондықтан қазір бұл тапшылықты шешу үшін шетелдік мамандарды шақыруға тура келеді, - деді Нұртілек Хасенов.

Оның айтуынша, бұл мәселенің шешімі болашақта ғана көрініс береді, өйткені білікті мамандарды даярлау уақытты талап етеді. Министрлік алдағы уақытта білім беру мекемелерімен бірлесіп, жастарды осы салада жұмыс істеуге ынталандыру үшін түрлі іс-шаралар өткізуге ниетті.

Қазіргі таңда Қазақстанның көлік және инфрақұрылым саласында мамандар тапшылығы байқалады. Бұл жолдардың сапасына да әсер етіп отыр, себебі жол жөндеу жұмыстарын дұрыс және кәсіби деңгейде орындау үшін жоғары білікті мамандар қажет.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
2 Пікір
И
Индира 12.11.2024
Жұмысқа тұру үшін қайда хабарласу керек?
Жауап беру
А
Айнуррр 11.11.2024
Мәселе маманда емес деп ойлаймын, мәселе жол жөнекей желініп кететін жемқорлықта шығар.Жол жөндейтіндер солардың әкелген материалдарымен жасайтын шығар
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл