Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 1-6 желтоқсан аралығында «Жұмыс істейтін жастарға арналған сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы бойынша құжат қабылдау басталады, – деп хабарлайды Dauletten.kz.
Құжат қабылдау мерзімі: 2020 жылғы 1-6 желтоқсан аралығында
2020 жылға арналған пәтер саны: 350
Баспана түрі: сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй. Тұрғын үй 5 жылға беріледі.
Ұзарту құқығы жоқ ай сайынғы жалдау ақысы: 5 000-15 000 теңге;
Құжат қабылдау көрсетілген кезеңде («жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйге өтінім беру» бөлімі) тек электронды түрде astana.gov.kz сайты арқылы жүргізіледі.
Орналасқан жері: Р.Қошқарбаев даңғылы мен Қордай және № 23-31 көшесі қиылысындағы аудан, Абылай хан даңғылы, Б.Момышұлы мен Р.Қошқарбаев даңғылының қиылысы;
Пәтер ауданы: ауданы 31-47 ш.м. аралығындағы 1 бөлмелі пәтерлер.
Сіз өтінім бергеннен кейін көрсеткен телефон нөміріңізге өтініміңіздің мәртебесі бар смс-хабарлама жіберіледі.
1) жұмысқа қабылданды (бағдарламаның шарттарына, құжаттардың толық тізбесіне сәйкес келсеңіз);
2) түзету қажет (Сіз құжаттардың толық емес пакетін, сапасыз құжаттарды және басқасын ұсынсаңыз);
3) бас тартылды (бағдарлама шарттарына сәйкес келмесеңіз).
Өткендердің тізімі zhilfond.kz сайтында жарияланады. Жұмыс істейтін жастарға арналған бағдарламаға қатысты барлық сұрақтар бойынша 109 колл-орталығына хабарласуға болады (ұялы телефоннан тегін).
Шарттары:
- 29 жасқа толмаған ҚР азаматы;
- аяқталған орта/арнайы орта/жоғары/жоғары оқу орнынан кейінгі білім және ресми жұмысқа орналасу;
- Нұр-Сұлтан қаласында соңғы 2 жылдан кем емес тұрақты тіркеуде болу;
- өтініш берушіде және отбасының барлық мүшелерінде ҚР бойынша меншік құқығында, сондай-ақ 2 жыл ішінде сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйдің болмауы;
- төлем қабілетін растау (ай сайынғы табыс - минимум 111 120 теңге/соңғы 6 айда 40 АЕК). Егер Сіз Нұр-Сұлтан қаласында ТЖ кезінде 42500 теңге алған болсаңыз және ол аяқталғаннан кейін қашықтан жұмыс нысанында болсаңыз, соның салдарынан сіздің кірістеріңіз төмендеген болса, бұл өзгерістер сіздің өтінішіңізді қарастыру кезінде ескеріледі. Бірінші кезекте сізге ЭЦҚ кілтін алу қажет, ал тізім бойынша анықтамалардың барлығы жаңа болуы және өтінім берген кезде алынуы керек.
Қажетті құжаттар тізімі:
1.Өтініш берушінің ЭЦҚ кілті;
2.Өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің (жұбайы, балалары болған жағдайда) жеке куәлігінің сканерленген нұсқасы;
3.Дипломның сканерленген нұсқасы (жоғары білім туралы диплом, мектеп аттестаты, біліктілік, арнайы-техникалық білім туралы диплом – бар дипломдардың бірі);
4.Неке қию туралы куәліктің сканерленген нұсқасы (болған жағдайда);
5.Балалардың туу туралы куәлігінің сканерленген нұсқасы (болған жағдайда);
6.Өтініш берушіге және отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасы бойынша жылжымайтын мүліктің жоқтығы туралы анықтаманың сканерленген нұсқасы (болған жағдайда жұбайы, балаларына да);
7.Жұмыс орнынан анықтаманың сканерленген нұсқасы (меншік нысанындағы мемлекеттік органдардың «ММ», «КММ», «РММ», «МКҚК», «РМҚК», «ШЖҚ МКК», «ШЖҚ РМК» қызметкерлерінде жұмыс орнынан мемлекеттік қызметтегі жалпы өтілі көрсетілген мекеменің фирмалық бланкісіндегі анықтама болуы тиіс);
8.Еңбек қызметінің бүкіл кезеңі үшін БЖЗҚ зейнетақы аударымдары туралы анықтаманың сканерленген нұсқасы;
9.Зейнетақы аударымдары есептелмейтін әскери қызметшілерге жұмыс орнынан сіз тұрғын үй төлемдерін алмайтындығыңыз туралы анықтаманы қоса беру қажет;
10.Мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің қызметкерлері қызметтік тізімді ұсынуы қажет (болмаған жағдайда, ҚР Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес құжаттардың бірін ұсынуы керек);
11.Банктік шоттың бар екендігі және нөмірі туралы анықтаманың сканерленген нұсқасы;
12.Банктік шот бойынша ақша қалдығы және қозғалысы туралы үзінді көшірменің сканерленген нұсқасы;
13.Өтініш берушінің жеке жетістіктері туралы құжаттың сканерленген нұсқасы;
14.Жеке кәсіпкерлер жеке кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы хабарлама ұсынады;
15.Егер сіз еңбек демалысында немесе еңбекке уақыташа жарамсыз демалысында болып, табысыңыз төмендеген болса, еңбек демалысы туралы бұйрығын немесе еңбекке уақытша жарамсыз парағын қосымша ұсына аласыз;
16.Егер Сіз ТЖ әрекетіне 42 500 теңге алған болсаңыз, сізге осы жәрдемақы түскен картаның шотынан үзінді көшірмені тіркеу қажет (01.01.2020 - 05.12.2020 жылдар кезеңінде карта бойынша үзінді көшірме).
Қатысуға құжаттар тапсырған азаматтар арасында іріктеу балдық жүйе бойынша жүргізіледі:
- отбасының болғаны үшін 5 балл,
- некенің әр жылы үшін 2 балл;
- балалы болғаны үшін 1 балл, келесі әрбір бала үшін 2 балл;
- бюджеттік ұйымдардағы (мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардағы) еңбек қызметі үшін 5 балл, еңбек өтілінің әр жылы үшін 1 балл;
- нарық сұранысына ие 100 мамандық тізіміне сәйкес мамандықты игерген өтініш берушіге 10 балл (тізім сайтта жарияланған zhilfond.kz);
- жеке кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде кемінде 1 жыл үшін 5 балл, әрбір жыл үшін 1 балл;
- өтініш берушінің әртүрлі қызмет салаларында жеке жетістіктері болған кезде (кәсіби саладағы жетістіктері ескеріледі) 2 балл;
- екінші деңгейдегі банктердегі жинақ шоттарындағы жинақтардың әрбір жылы үшін 2 балл беріледі.
Тағы көру