Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Баспананы жалға алғаны үшін берілетін төлем табысы күнкөріс деңгейінен төмен, жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрған азаматтарға ұсынылады.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі баспанаға аса мұқтаж азаматтардың тұрғын үйді жалға алу құнының жартысын төлеу тетігін әзірледі.
Атаулы тұрғын үй көмегі жалға алу құнының 50%-ін мемлекет, қалған 50%-ін жалға алушы төлеу қағидатына негізделген.
Министрліктің хабарлауынша, жеке тұрғын үй қорынан баспананы жалға алғаны үшін берілетін төлем табысы күнкөріс (36 018 теңге) деңгейінен төмен, жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрған азаматтарға ұсынылады. Қазір елімізде мұндай 70 мың адам бар.
"Олар: көп балалы отбасылар, 1 және 2 топтағы мүгедектер, мүгедек балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар. Осы санаттағы азаматтарға жалға берілетін тұрғын үй құнының жартысын тағайындау көзделеді", - делінген ақпаратта. Оператор ретінде "Отбасы банкі" тағайындалды.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хабарлауынша, өтініш берушілер үшін бірнеше негізгі талап қойылады:
Тағы көру