Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жамбыл облысында 6 баллдық жер сілкінісі тіркелді
Жаңалықтар

Жамбыл облысында 6 баллдық жер сілкінісі тіркелді

08.07.2025
1 мин
0
59
Сурет: Depositphotos

Бүгін Астана уақыты бойынша сағат 14:30-да Жамбыл облысында 6 баллдық жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Зілзаланың эпицентрі – Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 334 шақырым жерде орналасқан.

Жер сілкінісінің күші елдімекендерде төмендегідей сезілді:
    •    Құлан ауылы – 6 балл
    •    Меркі ауылы – 5 балл
    •    Шу қаласы – 3 балл
    •    Сарыкемер ауылы – 3 балл
    •    Төле би ауылы – 3 балл
    •    Тараз қаласы – 3 балл
    •    Аса ауылы – 2 балл
    •    Мойынқұм ауылы – 2 балл
    •    Қордай ауылы – 2 балл
    •    Бауыржан Момышұлы ауылы – 2 балл
    •    Қаратау қаласы – 2 балл
    •    Тұрар Рысқұлов ауылы – 2 балл

Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен бүлінген нысандар туралы мәлімет жоқ.

ТЖМ командалық орталығының жедел штабында ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Батырбек Әбдішіевтің төрағалығымен бейнеконференция-байланыс жүргізілді. Өңірдегі жағдай талқыланды.

ҚР ТЖМ күштері мен құралдары ден қоюға толық дайын.

Қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

ТЖМ мониторингті жалғастыруда және өңірмен тұрақты байланыста.

ТЖМ азаматтардан сабырлық сақтауға және ресми ақпарат көздерінен хабардар болуды сұрайды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл