Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Жамбыл облысында ағайынды жігіттер 13 жастағы қарындасын жылдар бойы зорлап келген. Қазір оқушы қыз бен анасы қауіпсіз жерге көшірілген, - деп хабаралйды Dauletten.kz.
Жасөспірім қыз үйде көрген зәбірді мектеп психологына айтуға тырысқан, бірақ оның сөзін ешкім елемеген көрінеді. Бұл туралы еліміздің Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Зәкиева мәлімдеді.
Аталған жағдайға байланысты арнайы комиссия құрылып, мектепте тексеріс жүргізіліп жатыр.
Бұл мәліметке қатысты қылмыстық іс тіркелген. Ал дерек расталса, күдіктілер өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
- Тергеу барысында қылмысты жасаған екі күдікті анықталды. Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде бір күдіктіні ұстап, қамауға алды. Екінші күдіктіге қатысты іздеу жарияланып, ұстау іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында жедел-тергеу тобы құрылды, - деді Полиция департаменті бастығының орынбасары Байжан Байгелді.