Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жамбыл облысында психотроптық заттарды сатумен айналысқан ұйымдасқан топ ұсталды
Жаңалықтар

Жамбыл облысында психотроптық заттарды сатумен айналысқан ұйымдасқан топ ұсталды

02.09.2025
мин
0
133
Сурет: видеодан алынған скрин

Жамбыл облысында психотроптық заттарды сатумен айналысқан ұйымдасқан топтың әрекеті тоқтатылды, – деп хабарлайды Dauletten.kz.

"Заң мен тәртіп" қағидатын іске асыру аясында прокуратураның үйлестіруімен есірткі қылмыстарына қарсы күрес, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес және ішкі қауіпсіздік бөлімшелерінің қызметкерлері ұзақ уақыт бойы Алматы қаласынан Жамбыл облысына психотроптық заттарды заңсыз тасымалдаумен және өткізумен айналысқан қылмыстық топтың қызметін әшкерелеуге бағытталған арнайы операция жүргізді.

Нәтижесінде Тараз қаласындағы бірқатар дәріханадан келесі заттар анықталып, тәркіленді:

  • 364 ампула күшті әсер ететін трамадол препараты,
  • 1800-ден астам тропикамид, сомнол және димедрол таблеткалары,
  • 17 грамм психотроптық оксивид заты.

Төрт күдікті ұсталып, олардың ішінде Тараз қаласының 59 жастағы тұрғыны 2023 жылдан 2025 жылға дейін тыйым салынған препараттарды жеткізу және тарату схемасын ұйымдастырып, оны дәріхана бизнесі ретінде жасырып отырғаны анықталды.

Іс фигуранттары кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ұйымдастырушыға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта құқыққа қайшы әрекетке қатысы бар басқа тұлғаларды анықтау және ұстау бойынша шаралар жүргізілуде.

Мұндай операциялар – азаматтардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ішкі істер органдарының жүйелі жұмысының бір бөлігі.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл