Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жамбылдық оқушылар адам өмірін құтқаратын сағат ойлап тапты
Жаңалықтар

Жамбылдық оқушылар адам өмірін құтқаратын сағат ойлап тапты

03.08.2023
1 мин
0
460

Ақылды сағатты Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған лицейдің 9 және 8 сынып оқушылары Дулат Исабек пен Адия Тұрсынбай ойлап тапқан, деп хабарлайды Dauletten.kz.

«Екінші жүрек» деп аталатын сағат инсульт, инфаркт және тағы да басқа талма аурулары бар науқастарға арналған. Ол иесінің жүрек соғысы мен қан қысымын бақылауда ұстап, адам өміріне қауіп төнген жағдайда белгі береді. Сағатқа дене температурасын, қандағы оттегі пайызын, жүрек қағысын бақылап тұру функциялар енгізілген. Сондай-ақ, ол науқас құлап қозғалыссыз қалған жағдайда туысына немесе жедел жәрдемге дабыл жібереді. Ең бастысы, науқастың мекен-жайын, жатқан жерін нақты көрсетеді. 

«Науқастарға түрлі себептермен алғашқы көмек уақытынан кеш беріліп жататын кездер болады. Осындай жағдайлардың алдын алу және науқастарға көмектессек деген оймен алғашқы көмектің жедел келуін қамтамасыз ететін сағатты жасап шығардық», - дейді жас өнертапқыш Дулат Исабек.  

Оқушылардың өнертабысын сынап көру үшін кардиолог пен пациенттердің портативті аппаратпен динамикалық бақылауы жүргізілді.  Дулат пен Адия алдағы уақытта сағатты адамдардың үнемі тағып жүруіне ыңғайлы етіп жасау жолдарын қарастыруда.  

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл