Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жаңа ереже: Бағдаршамда жасыл жана салысымен жүруге болмайды
Жаңалықтар

Жаңа ереже: Бағдаршамда жасыл жана салысымен жүруге болмайды

12.01.2024
1 мин
3
2138
Фото: freepic.com

Ішкі істер министрлігі жаяу жүргіншілерге арналған жаңа ереженің жай-жапсарын түсіндірді. Қазір ашық талқылаудағы өзгерістер қабылданса, онда көшеден өтуді шектейтін норма қарастырылады.

Жаңа ереже бойынша енді бағдаршамның жасыл түсі жанғанның өзінде екі жақтан да көлік тоқтағанына көз жеткізбейінше, жүруге рұқсат жоқ. Ең болмаса сарыға үлгеремін деп жоғары жылдамдықпен келе жатқан көліктің іркілмей өтіп кетуіне басымдық беріледі. Яғни жаңа ереже қабылданса, жасыл жанды екен деп жаяу жүргіншілердің бірден адымдап кетуіне тыйым салынады.

«Бағдаршамның рұқсат беру сигналы жанған уақытта жаяу жүргінші өзінің қауіпсіздін қамтамасыз етуі керек. Себебі, көп жағдайда жаяу жүргінші бағдаршамның белгіленген жасыл түсі жанған уақытта жан-жағына қарамай жолға шығып кетеді. Ол уақытта қозғалысты бұрын бастаған көлік құралдары маневрды аяқтауына және көз жеткізбестен жолға шығады. Сол себептен біз осы тармаққа түзетулер енгізіп отырмыз», – деді ІІМ ӘПК аға инспекторы Таңат Асылжанов.

Бұл ережеге қарсы пікір білдіріп жатқан азаматтар да жоқ емес. 

Ішкі істер министрлігі түзетулердің әлі қабылданбағанын, қоғамдық талқылауда шешім қабылданатынын жеткізді. Жаңа ереже бағдаршамы бар жерге қатысты. Дей тұрғанмен қадағаланбайтын жүргіншілер жолағынан өткенде де абай болған абзал.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
3 Пікір
Б
Бақытгүл 13.01.2024
Емхана жүргіншілер жолағынан науқас қарттар бағдаршамның жасыл түсі жанысымен жүрмесе үлгермейді. Өзім қаншамасымен жетектеп өтсем де , бағдаршамның келесі түсі жанып қалатын. Сол арада қарттың қасында жетектеп ілесушісі болмаса? Ал жол өту керек жол ұзын сонар.
Жауап беру
А
Алмат 12.01.2024
Өте дұрыс бірақ дегенмен қазіргі таңда дыбыстық бағдар шамдар көп сол бағдаршамға дауыс белгісін орнатса.Мысалы жасыл жанған нан кейін 5 секунд дыбыс береді дауыспен жүруге рұқсат деген дей
Жауап беру
Қ
Қаракөз 12.01.2024
Жасыл жанғанға үйренген балаларға қиын болады емес пе? Баланың аты бала
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл