| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Тоқаев жаңа Конституцияның басты нормаларын жариялады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Президенттің айтуынша, жаңа Ата заң жобасы негізгі қағидаттар – тәуелсіздік, егемендік және аумақтық тұтастықты қорғауды өзгертуге немесе басқаша түсіндіруге болмайтын нормалар ретінде көрсеткен. Бұл ережелер мүлдем өзгермейтін болады.
- Жаңа Ата заңымызда Тәуелсіздікті, егемендікті және аумақтық тұтастықты қорғау басты қағидаттар ретінде көрсетілгеніне тағы да тоқталғым келеді. Бұл ережелерді қайта қарауға, басқаша тәпсірлеуге болмайды. Яғни ол мүлдем өзгермейді. Осындай негізгі ережелермен қатар, Ата заң жобасында ұлттық валютаның мәртебесі айқындалды. Бұл – мән-маңызы зор норма. Төл валютаның Елтаңба, Ту және Әнұранмен қатар тұруы бекер емес. Бұл жаңашылдық егемендікті, соның ішінде қаржылық дербестікті құқықтық тұрғыдан қорғауды көздейді. Мына нәрсені атап өткім келеді: Қазақстан халқы биліктің бастауы және егемендіктің иесі саналады. Осы ереже Конституция жобасында жаңа норма ретінде нақты бекітілді. Бұл – жаңа Ата заң мемлекеттігіміздің тұғырын нығайта түседі деген сөз. Мұның, әсіресе, геосаяси ахуал құбылып, тұрақсыздық орнап, ұлттық қауіпсіздікке сын-қатерлер төнуі мүмкін кезеңде маңызы зор. Ата заңның мәтіні ғана емес, мәні мен мағынасы өзгерді. Онда сан ғасырлық мемлекеттілік дәстүріміз, мақсат-мұраттарымыз бен мызғымас құндылықтарымыз нақты көрсетілді, - деді Президент