Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жаңа Конституция: референдум қашан өтетіні нақтыланды
Жаңалықтар

Жаңа Конституция: референдум қашан өтетіні нақтыланды

11.02.2026
мин
0
241

Тоқаев 15 наурызда республикалық референдум өткiзу туралы жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Dauletten.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Конституцияның жаңа жобасы 12 ақпанда БАҚ-та ресми түрде жарияланады.

Қазақстан Республикасы Конституцияның 44-бабының 10) тармақшасына және «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 18-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. 
2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткізілсін. 2. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы: «Жобасы бұқаралық ақпарат құралдарында 2026 жылғы 12 ақпанда жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?» деген сауал қойылып, республикалық референдумға шығарылсын. 3. Осы Жарлық пен Конституцияның жобасы 2026 жылғы 12 ақпанда бұқаралық ақпарат құралдарында ресми түрде жариялансын. 4. Республикалық референдумға дайындық пен оны өткiзу Референдумның орталық комиссиясының қызметiн атқаратын Орталық сайлау комиссиясына, сондай-ақ референдумның аумақтық және учаскелiк комиссияларының қызметiн атқаратын аумақтық және учаскелiк сайлау комиссияларына жүктелсiн. 5. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясымен, Қазақстан Республикасының басқа да орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп, республикалық референдумды ұйымдастыру және өткізу бойынша қажетті шаралар қабылдасын. 6. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, - делінген хабарламада.

Бұған дейін Конституциялық комиссия Президентке жаңа Конституцияның қорытынды жобасын ұсынғанын айтқан едік.

Осы орайда айта кетейік:

Референдум – бұл маңызды мемлекеттік мәселені шешу үшін барлық азаматтың қатысуымен өткізілетін дауыс беру. Ол бүкіл республика аумағында өтеді. Референдумда Конституцияға, конституциялық заңдарға немесе заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу, сондай-ақ елдің мемлекеттік өміріндегі басқа да маңызды мәселелер шешілуі мүмкін.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл