Жаңаөзенде “Өзенмұнайгаз” компаниясына қарасты “Бұрғылау жұмыстары басқармасы” (БЖБ) жұмысшыларының ереуілі жалғасуда. Олар “Талабымыз орындалмайынша, жұмысқа шықпаймыз” деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
ТАЛАПТАРЫ:
ӨМГ зейнеткерлері мен денсаулығынан айырылған мұнайшылардың балаларына тікелей штатқа жұмысқа алу;
Жаңаөзен қаласында жұмыссыздық мәселесін шешу;
Ұжымдық шартта 2013 жылға дейін болған дербес еңбекақы төлеу жүйесін қайтару;