Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Жаңаөзен қаласында болған жарылыс салдарынан баспанасыз қалған барлық отбасыға пәтер берілді, деп хабарлады Dauletten.kz «Қазмұнайгаз» ҰК АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Қазіргі уақытта төтенше жағдай салдарынан баспанасыз қалған 9 отбасыға жанұядағы адам санына байланысты екі бөлмелі 2 пәтер, үш бөлмелі 5 және бес бөлмелі 2 пәтер сатып алды.
«Бұл өте ауыр жағдай. Сіздердің қайғыларыңызға ортақпыз, мықты болыңыздар. Бастарыңызға сынақ түскен кезде біз шет қалмай, Президенттің тікелей тапсырмасымен баспанасыз қалған отбасыларға пәтер алып бердік. Осындай сын сағатта сіздер үшін қолымыздан келгенді жасап жатырмыз», - деді ҚМГ басшысы көз жұмған тұрғындардың туыстарына көңіл айта келе.
фото: Ашық дереккөз