Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жаңбыр, бұршақ, найзағай: қыркүйекте ауа райы қандай болмақ?
Жаңалықтар

Жаңбыр, бұршақ, найзағай: қыркүйекте ауа райы қандай болмақ?

01.09.2023
1 мин
0
1095

Қазгидромет күздің алғашқы айына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Dauletten.kz. 

Синоптиктердің болжауынша, қыркүйектің алғашқы күндері Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады, кей жерлерде қатты жаңбыр, екпінді жел, найзағай, бұршақ жауады, ауа температурасының төмендеуі сақталады. Республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда түнде жауын-шашын және  жылбысқы қар түрінде жаууы мүмкін. Ауа райының тұрақсыздық ықпалы бүкіл республиканы қамтитын терең циклонға байланысты.

Ал батыс облыстарда атмосфералық қысымның жоғарылауымен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Айдың басында Қазақстан Республикасының батысында, одан кейін солтүстік-батысында ауа температурасының жоғарылауы болжанады:

республиканың батысында түнде +7+18°С-тан +13+22°С-қа дейін, күндіз +23+30°С-тан +28+35°С-қа дейін; солтүстік-батысында (Қостанай облысы), республиканың солтүстігінде түнде +2+10°С-тан +10+18°С-қа дейін, күндіз +10+18°С-тан +20+25°С-қа дейін. Ақтөбе облысындатүнде +3+13°С-тан +10+18°С-қа дейін, күндіз +17+25°С-тан +20+28°С-қа дейін жылы болады.

Қазақстан Республикасының орталық және оңтүстік аймақтарында ауа температурасының ауытқыу күтіледі.

орталықта - түнде +7+15°С-тан +5+10°С-қа дейін, күндіз +15+23°С-тан +20+28°С-қа дейін;

оңтүстікте – түнде +5+15°С-тан +10+18°С-қа дейін, күндіз +17+27°С-тан +23+30°С-қа дейін;

оңтүстік-шығыста - түнде +8+15°С-тан +2+10°С-қа дейін, күндіз +21+28°С-тан +17+23°С-қа дейін, облыстың таулы бөктерінде түнде +15°С- тан +12°С-қа дейін;

шығыста - түнде ауа райы төмендейді +5+15°С-тан +2+10°С-қа дейін, ал күндіз ауа температурасының ауытқуы болады +20+27°С-тан +17+22°С-қа дейін, облыстың таулы бөктерінде түнде +15°С- тан +12°С-қа дейін;

Қыркүйектің екінші және үшінші онкүндігінде республиканың солтүстік, орталық және шығысоблыстарында ауа температурасы түнде +5+13°С-тан 0,+5°С-қа дейін ауытқиды, 3°С-қа дейін үсік мүмкін деп күтілуде, күндіз +18+27°С-тан +10+15°С-қа дейін ауытқиды. Республиканың оңтүстік жартысында біршама жылы, кей күндері күндіз ауа температурасы +20+25°С-тан +28+33°С-қа дейін жылынады;

Жалпы ауаның орташа айлық температурасы Қазақстан Республикасы аумағының басым бөлігінде норма шамасында, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе облысының солтүстік-батыс жартысында, Қостанай облысының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облыстарының қиыр солтүстік-батысында нормадан 1°-қа жоғары болады деп күтілуде.

Қыркүйек айындағы жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде норма шамасында, Қазақстанның оңтүстік-батысында, орталықта, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында нормадан аз болады деп болжануда.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл