Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Жақында Алматы облысында АЭС салу бойынша тиісті келісімдерге қол қойылады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бұл туралы бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов айтты.
– Алдағы уақытта Алматы облысында алғашқы атом электр станциясын салу бойынша қажетті келісімдерге қол қоямыз. Сонымен қатар екінші атом электр станциясын салу орындарын анықтау бойынша өңірлердегі талдау да аяқталып жатыр, - деді премьер-министр.
Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АЭС құрылысы мәселесін тездету қажеттігін атап өткен еді.
– Атом станцияларын салу бойынша жылдам қимылдауымыз керек. Мен бұған дейін сұхбатымда айтқанмын, біз екі үлкен станция саламыз, мүмкін, үш станция болады. Қазақстанды дамыған ядролық энергетикасы бар елге, жасанды интеллект пен цифрландыру толық жұмыс істейтін мемлекетке айналдыруымыз керек, – деді Тоқаев.
2024 жылдың қарашасында Энергетика министрлігі АЭС құрылысы технологияларының әлеуетті жеткізушілерімен келіссөздер басталғанын хабарлады.