Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Шерзат Полаттың өліміне қатысты өтіп жатқан сот отырысында тәуелсіз сот-медициналық сарапшы Тахир Халимназаров жауап берді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Прокурор Дана Сәрсембайдың сұрақтарына жауап бере отырып, сарапшы пышақ Шерзаттың денесіне үлкен күшпен салынғанын растады.
Сот барысында прокурор 9,6 сантиметрлік пышақтың 12 сантиметр терең жарақат қалдыруы мүмкін бе деген сұрақ қойды. Бұған дейін мәйітке жасалған сараптама барысында жарақаттың тереңдігі 12 сантиметр екені анықталған болатын.
- Егер жарақаттың тереңдігі пышақтың ұзындығынан асып түссе, бұл пышақтың сабына дейін кіргенін, яғни үлкен күшпен салынғанын білдіреді. Мысалы, пышақтың ұзындығы 9-10 сантиметр болса, ал жара 12 сантиметрге дейін жетсе, бұл оның толық күшпен кіргенін көрсетеді, – деп түсіндірді Тахир Халимназаров.
Осылайша, тәуелсіз сарапшы Шерзатқа жасалған пышақ жарақатының қатты күшпен салынғанын тағы бір мәрте атап өтті.
Айта кетейік, Тахир Халимназаров сот процесіне жәбірленуші тараптың сұрауы бойынша тәуелсіз сарапшы ретінде қатыстырылған. Өз қорытындысында ол Шерзаттың кеуде тұсынан алған жарақаты салдарынан қаза тапқанын растады.