| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Жаркентте 28 жастағы әйел 3–4 жасар баласына дене жарақатын салғаны үшін қамауға алынды. Балалар қазіргі уақытта қауіпсіз жерде, медициналық және психологиялық көмек алды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Жаркент қаласында WhatsApp желісінде тараған бейнежазба қоғамды шошытты: 28 жастағы әйел 3–4 жасар баласын ұрып-соққан, қолын бұрап, тепкілеген. Полиция оқиғаның дерегін тексеріп, баланың дене жарақат алғанын растады.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, ал зардап шеккен балалар қауіпсіздік мақсатында Отбасын қолдау орталығына орналастырылды. Тергеу полицияның тікелей бақылауында жүргізілуде, ал ата-ана құқығынан айыру мәселесі қарастырылуда.
Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің мәліметінше, балаларға медициналық және психологиялық көмек көрсетілген, қазіргі жағдайлары тұрақты. Қорғаншылық органдары заңға сәйкес шешім қабылдауға дайындалып отыр, іс бала құқықтары жөніндегі уәкілдің бақылауында.
Полиция мен құқық қорғау органдары қоғамнан күдіктінің әрекетіне бей-жай қарамауды, сондай-ақ балалардың қауіпсіздігі үшін жауапкершілікті сақтауды сұрайды.