Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жарылғыш зат туралы жалған хабарлама берген оқушы қамауға алынды
Жаңалықтар

Жарылғыш зат туралы жалған хабарлама берген оқушы қамауға алынды

12.06.2023
1 мин
0
344

Жарылғыш зат туралы жалған хабарлама берген оқушыға Ақтөбе қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі ауданаралық соты үкім шығарды. 10-сынып оқушысының 6 айға бас бостандығы шектелді, – деп хабарлайды Dauletten.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

2022 жылдың мамыр айында Ақтөбе облысы полиция департаментінің электрондық мекенжайына жоғары оқу орындарының ғимараттарына жарылғыш құрылғылардың қойылғаны туралы хабарлама түсті. Аталған мекенжайларға дереу барлық шұғыл қызметтер, саперлар мен қызметтік иттерімен кинологтар жіберілді. Оқу орындарының персоналы мен оқушылары эвакуацияланды. Тексеру барысында жарылғыш заттар табылған жоқ. Ақтөбе облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар жүргізу барысында Батыс Қазақстан облысындағы мектептердің бірінде 10-сынып оқушысын анықтады. Оқушы өз кінәсін мойындап, түсініктеме берді. Полицейлер компьютерді тәркіледі. Сонымен қатар, аталған оқушы осындай электрондық хатты Көкшетау қаласына да жолдап, үш сот ғимаратына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлағаны анықталды.

Осы жылдың мамыр айында Ақтөбе қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі ауданаралық сотымен үкім шығарылып, кәмелетке толмаған күдікті кінәлі деп танылды. Оған қатысты 6 айға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.

фото: ашық дереккөзден

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл