Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Жасөспірімдер арасындағы қақтығысты болдырмау жолдарының басты мәйегі – ол тәрбиені дұрыс берілуін қадағалау. Адамшершілікке тәрбиелеу ісі тек білім берумен ғана шектелмейді. Баланың сезіміне әсер ету арқылы да, оның ішкі жан дүниесін оятып, дүниетанымын қалыптастырады.
Адамгершілік тәрбиені ғылыми тұрғыдан зерттеген ғалымдар ретінде В. Сухоминский, Ш. Амоннашвили, А. Байтурсынов, Т. Петракова, В. Белинский, Б. Лихачев, Ә. Әмірова және т.б. танимыз. Олардың ой- пікірлеріне жүгінсек, ортақ сипат адамгершілік тәрбиесінің негізіне жалпы адамзаттық құндылықтарды жатқызатынына, тән мен жан саулығының руханилықпен байланысты дейтінінен көз жеткіземіз. Мәселен, И. Ғазали « Адамда екі түрлі мақсат бар, оның бірі- тән мақсаты, бірі- жан мақсаты. Қара бастың қамын ойлап, өзімшілдік, мақтан көксейтін тән мақсаты. Адамның әр мен адал еңбек іздейтін жан мақсаты. Бастапқыны көксеген адам зұлымдық қиянатпен болса да, мал мансап, мақтан табуға құмар болады. Соңғыны көксеген адамның адал еңбек, ақ ниетпен басқа іздейтіні жоқ, ол адамды ала көруді, қиянат қылуды тіпті ұнатпайды» десе, ғұлама Абай атамыз «Біреуге көмектесу- ішкі зор қуат пен терең ақыл және ыстық сезімнің ісі»- деп біледі.
Тәрбие жұмысын тиімді жүргізуде бірден- бір құрал- баспасөз, теледидар, радио, т.б. Баспасөзде тәрбиелік мәні зор деректі кинолар көп көрсетіліп, тағылымды ойындар, жастарға ой саларлық қойылымдар ұсынылып тұрса, ұрпақ тәрбиесіне ықпалы мол болмақ. «Ел қызыңды түзе» деп Б. Момышұлы айтқанындай, ертеңгі ұрпақтың тәрбиесін бүгіннен қолға алар болсақ, елді қолда ұстар батыр ұлдарымызды, ұлтымызды тәрбиелейтін аруларымызды теріс жолдан аулақ ұстап, тәрбие бергеніміз жөн
Бала үшін отбасы – ең алғашқы да аса белсенді тұлғалық қалыптасу көзі. Осыдан отбасында қабылданған көзқарастар, салт-дəстүрлер, ұстанымдар, əрекет-қылық үлгілері тұлға микроэлементіне бастау беріп, оның барша өмірінің негізгі сипатын қалайды.
Отбасы белгілі қызметтерді атқарады:
- қайта өндіру (репродуктивті) –ұрпақ келтіру (тек жалғастыру тума əрекеті, перзентті болу, оларды өсіру жəне тəрбиелеу қажеттігі);
- шаруашылық- экономикалық, (ортақ шаруашылық жəне қаржы пайдалану, еңбекке жарамсыздарға қамқорлық жəне оларды материалды қамсыздандыру);
- тəрбиелеу (отбасы, оның əрбір мүшесінің тұлғалық қалыптасуына жағдайлар жасау; отбасы ұжымының өз мүшелеріне жеке-дара ықпал жасап баруы; өмірлік тəжірибе, инабаттылық тəртіптері мен адамгершілік құндылықтарға баулу);
- қарым-қатынас құру (коммуникативті – отбасы ішіндегі қатынас түзу, отбасының басқа адамдармен, жанұялармен, əлеуметтік топтармен байланысын ұйымдастыру);
- қайта қалыпқа келу (рекреативті – бос уақыттарындағы демалыс іс-əрекеттерін ұйымдастыру; отбасы мүшелерінің күш-қуатын, денсаулығын қайта тіктеу шараларын қамтамасыз ету).
Отбасы тəрбиелік қызметтерінің іске асуы оның ұлттық ерекшеліктеріне, əлеуметтік –мəдени салт-дəстүрлеріне жəне ол енген қауымдастыққа тəн талап-тəртіп ұстанымдарына байланысты.
Тұлғаның əлеуметтенуінде жетекшілік маңызға ие жалпыға бірдей жағдаяттар болады. Олар: туған күнінен бастап, балаға болатын үздіксіз де тұрақты ықпал; отбасыдағы қарым-қатынастың туысқандық, сүйіспеншілік, сенім, өзара жауапкершілік сезімдеріне негізделуі; ұрпақтан-ұрпаққа тəжірибе өткізуге бағытталған əрқилы деңгейдегі отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынасы жəне ықпалы. Өз балаларының ерекшеліктерін, қызығулары мен қажеттерін ескеруде ата-аналардың мүмкіндіктері орасан.
Отбасылардың өздеріне тəн ерекшеліктеріне орай топтасуы төмендегідей:
Құрылымы бойынша (мүшелер саны, жас деңгейлері): үш əулетті отбасылар – ата-аналар, балалар, немерелер; екі əулетті отбасы- ата-аналар жəне балалар; бір балалы; көп балалы (үш одан да көп балалы) отбасылар; толық болмаған, яғни ата-анасының біреуі жоқ; перзентсіз жəне т.б. отбасылар; отбасы тұрмысы жəне даму жағдайларына байланысты (жарасымды жəне қисыны кеткен жанұялар); отбасылық тəрбие стиліне орай (əкімшіл, адамгершілікті, либералды). ( 33-36б)
Əкімшіл (авторитарлы) отбасы – бала қарсылығын не күйзелісі мен селқостығын туындататын қаталдығы шектен тыс талаптарымен сипатталады. Сырттай бұл дөрекі қылық пен тұрпайы, жалған сөзден, екіжүзділіктен көрініп, балада қорқыныш пен қорғансыздық сезімін пайда етеді
Адамгершілікті қатынас түрі (стилі) ата-аналардың бала тұлғасына болған сыйластық, құрметімен, оның көзқарасын, ой-пікірлерін қабылдауымен, өзіндік дербестігін шектемейтіндігімен еленеді. Мұндай отбасылар балалар датына құлақ түре алады, өз шешімдерімен баланы тұсауламайды, оның шығармашыл ынтасының дамуына көмектеседі. Бұл отбасы жағдайында бала өзін жайлы сезінеді, əрдайым табысты əрекет қуанышына бөленіп, оны ата-анасымен бөліседі, олардан қорықпайды, керісінше, ішкі нəзік сырларын ортаға салып, проблемаларымен бөліседі, кеңестерін тыңдауға асығады, өз қадір мəртебесін сезінеді.
Либералды стильдік қатынас отбасы баласының не істесе де бетін қайтармауға, оның жауапкерсіздігі мен өзімшілдігіне бастау береді. Балалар ата-аналарының əсіре сүйіспеншілігін «қорғаныс» етеді немесе олардың түгелдей елемеу, немқұрайлылығына тап болады. Бұл баланы екіжүзділікке, менмендікке, тəртіпсіздікке, моральдық жұтаңдыққа душар етеді.
Өз перзентіне шынайы қамқорлық пен сүйіспеншілік шуағын арнаған ата-ана, негізінен адамгершілікті (демократтық) стильді қолдана отырып, орынды жерінде əкімшіл не либералды тəрбие элементтерін қолдануды да ұмытпайды.
Отбасы тəрбиесінде қолданылатын басты əдістер – бұл үлгі-өнеге, еңбек, іс-əрекет, əңгіме-сұхбат, қолдап-қолпаштау, қорғау. Балаға іспен көрсету арқылы , еңбектену қажеттігін үйретіп, сыйластық пен сүйіспеншілік сезімін білдіре отырып тәрбиелеу керек.
Мақала авторы: Жібек МЕЙРЖАН
Жетекшісі: аға оқытушы Н.Б.РУШАНОВА