Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жастарды қылмыс әлемінен қалай қорғаймыз?
Жаңалықтар

Жастарды қылмыс әлемінен қалай қорғаймыз?

12.11.2024
1 мин
0
148
Сурет: gov.kz

Бүгінгі қоғамда жастар арасындағы қылмыс мәселесі өзекті болып тұр. Қылмысқа барудың көптеген себебі бар: әлеуметтік жағдайдың төмендігі, білімнің жеткіліксіздігі, өмірлік бағыттың болмауы, дұрыс орта табу қиындығы және отбасындағы мәселелер. Осыған орай Dauletten.kz сайты жасөспірімдерді қылмыстан сақтау жолдарын баяндап береді.

Жастарды қылмыстан сақтау – мемлекет пен қоғам алдындағы маңызды міндеттердің бірі. Алдымен жас буынның теріс қылыққа әуес болудың себептерін анықтап көрейік.

Қылмысқа барудың басты себептерінің бірі – әлеуметтік-экономикалық мәселелер. Жұмыссыздық, қаржылық қиындықтар мен болашағын айқын көре алмау, яғни сенімсіздік - жастарды оңай жолмен ақша табуға итермелейді.

Тағы бір себеп – отбасылық жағдай. Толық емес отбасында тәрбиеленген, ата-ана қамқорлығынан шет қалған немесе ата-аналарының қолдауы жеткіліксіз балалар өздерін жалғыз сезініп, теріс ортаға тап болады. Мұндай жағдайлар жастардың рухани әлсіреуіне және заңға қайшы әрекеттерге баруына әсер етеді.

Жастарды қылмыстан сақтау жолдары

Жастарды қылмыстан қорғау мақсатында төмендегі шараларды жүзеге асыру маңызды:

1.    Білім беру және тәрбие жұмысын жақсарту. Мектептер мен жоғары оқу орындарында құқықтық білім беру және жауапкершілік сезімін қалыптастыру жастарды қылмыстық әрекеттерден сақтайды. Сонымен қатар әлеуметтік және психологиялық қолдау көрсету – қылмыстың алдын алудың маңызды аспектілерінің бірі.

 2.    Жұмыссыздық мәселесін шешу. Жастар үшін жаңа жұмыс орындарын ашу, кәсіптік даярлау және қайта оқыту бағдарламаларын көбейту арқылы жұмыссыздық деңгейін төмендетуге болады. Бұл шаралар олардың қоғамға деген сенімін арттырып, тұрақты табыс көзіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.

3.    Жастармен жұмыс істейтін ұйымдарды қолдау. Жастар ұйымдары, спорт секциялары, шығармашылық үйірмелер мен волонтерлік жобалар жастардың бос уақытын тиімді пайдалануға септігін тигізеді. Мұндай ұйымдардың жұмысын қолдау арқылы жастарды қылмысқа барудан қорғауға болады.

 4.    Құқық қорғау органдарымен бірлесе жұмыс жүргізу. Полиция, прокуратура және басқа да құқық қорғау органдары жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында түрлі кездесулер мен дәрістер ұйымдастыруы керек. Жастар құқық бұзудың салдары мен жауапкершілігі туралы түсініктерін кеңейтеді.

Жастарды қылмыстан сақтау – болашақ ұрпақтың дұрыс жолға түсуіне ықпал етеді. Әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу, білім мен тәрбие беруді жақсарту және жастардың қызығушылықтары мен қажеттіліктеріне көңіл бөлу арқылы біз бұл мәселені оңтайлы шеше аламыз. Қылмыстың алдын алу жолында әрбіріміздің үлесіміз зор, себебі жастар – біздің келешегіміздің негізі.

Ақмарал МАХАМБЕТӘЛІ

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл