Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
«Жедел түрде бірден шешім қабылдап, мәселелерді шешу керек» — Ақтөбе облысының әкімі
Жаңалықтар

«Жедел түрде бірден шешім қабылдап, мәселелерді шешу керек» — Ақтөбе облысының әкімі

09.02.2024
1 мин
0
399
Фото: inbusiness.kz

Ақтөбе облысында 35 бригада электр қуатын қалпына келтіру жұмыстарымен айналысып жатыр. Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімдігі хабарлады.

Әлеуметтік желіде мәлім болған ақпарат бойынша қалалық сүт зауыты шағын ауданындағы «Aqtobe Su Energy Group» АҚ №5 қазандығы №5 орта мектеп, емхана, балабақша, екі және бес қабатты үйлер, төрт пәтерлі жеке үйлерді жылытады.

Қазандықтың кезекші бөліміндегі операторлар облыс әкіміне мән-жайды түсіндіріп, жұмыс барысын айтып берген.

Қатты желдің кесірінен «Энергосистема» мекемесіне тиесілі желіден ақау шыққан. Соған қарамастан, №5 қазандыққа қарасты 38 нысанға жылу беру тоқтатылмаған, автоматты түрде дизель қосылып, үздіксіз, тәулік бойы жұмыс істеп тұр. Қор жеткілікті.

Сондай-ақ, Асхат Шахаров «Алтын Орда-2» ықшамауданындағы «Энергосистема» ЖШС-нің электр жарығын тарату станциясына барды.

Мекеменің бас директоры Ержан Жексембиновтің сөзінше, тіршілік үшін маңызды қызметтер тоқтаусыз жұмыс істеп тұр. Соның ішінде су тазарту құрылыстары да бар. Сумен жабдықтау нысандарының жұмысын тұрақты қамтамасыз ету мақсатында ол резервтік желіге қайта қосылған.

Одан бөлек Ержан Жексембинов облыс әкіміне жарық беру бойынша бүгінгі жағдай туралы баяндады.

24/7 режимінде Ақтөбе қаласы бойынша 12, ал жалпы облыста 35 бригада электр қуатын қалпына келтіру жұмыстарына жұмылдырылған.

Мәртөк және Алға аудандарында бригадалар жұмыс істеп жатыр. Ал Ақтөбеде Қисық көл маңында, 41-разъезд, Кірпішті, Заречный-1, Геолог-4, Геолог-5, Геолог-6 аумағындағы, 312-ші атқыштар дивизиясы көшесі бойындағы үйлер мен бау-бақша ұжымдарына жарық берілді. Коммуналдық қызмет мүмкіндігінше жұмыс істеуде.

«Жедел түрде бірден шешім қабылдап, мәселелерді шешу керек. Саяжай, бау-бақша ұжымдарын теңгерімге алу мәселесі әлі де күн тәртібінде тұр. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мамандарымен ұсыныс дайындаңыздар», - деп атап өтті облыс әкімі Асхат Шахаров.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл