Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Талдықорғанда Шерзат Полаттың өліміне қатысты іс бойынша бүгін сотта куәгер Эльмира Нұрбековадан жауап алынды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Сот отырысында прокурор Нұрбековадан оқиға кезінде жедел жәрдемге неге хабарласпағанын сұрап, оның әрекетіне күмән келтірді.
Жедел жәрдемге хабарласуға қорыққан екенсіз, ал қолдарында суық қаруы бар ер адамдармен түн ішінде жүруден қорықпадыңыз ба? – деп сауал қойғанымен, судья бұл сұрақты алып тастады.
Сонымен қатар прокурор Нұрбековадан төрт баланың анасы ретінде неге аяушылық сезімі танытпағанын сұрады.
Сол сәтте жерде жатқан баланы көргенде анасы жанұшырып көмек сұрады. Сіз өзіңіз төрт баланың анасысыз, сонда сізде ешқандай аяушылық сезімі оянбады ма? – деп сұрақ қойды прокурор.
Алайда судья бұл сұрақты да алып тастады.
Айта кетейік, Эльмира Нұрбекова — оқиға түні айыпталушылармен бірге болған екі қыздың бірі. Іс бойынша сот отырысы Талдықорған қаласында өтіп жатыр.