489.39
567.5
6.69
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жеке ақпараттарды саудалаған халықаралық қылмыстық ұйымның мүшелері ұсталды
Жаңалықтар

Жеке ақпараттарды саудалаған халықаралық қылмыстық ұйымның мүшелері ұсталды

17.06.2026
мин
0
114

Қазақстан мен Чехияның құқық қорғау органдары бірлескен операция барысында Қазақстан және ТМД елдері азаматтарының жеке деректерін заңсыз таратып келген халықаралық қылмыстық топтың жолын кесті, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қазақстан және Чехия құқық қорғау органдарының үйлестірілген іс-қимылы нәтижесінде азаматтардың жеке мәліметтерін заңсыз айналымға шығарумен айналысқан халықаралық қылмыстық топ анықталды.

Тергеу мәліметінше, күдіктілер Қазақстан мен ТМД елдері тұрғындарының жеке деректері жинақталған жабық интернет-платформа құрып, оған рұқсатсыз қолжетімділік ұйымдастырған. Бұл ресурс арқылы азаматтардың жеке ақпараттары заңсыз таратылып отырған.

Жедел-іздестіру және тергеу шаралары барысында күдіктілерден цифрлық құрылғылар, ақпарат сақталған тасымалдағыштар мен қомақты көлемдегі қаражат тәркіленді.

Құқық қорғау органдары қылмыстық схеманы ұйымдастырды деген күдікке ілінген бірнеше адамды ұстады. Қазіргі уақытта олар уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, іс бойынша барлық мән-жай анықталып, заң аясында тиісті процессуалдық шешімдер қабылданады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл