457.09
508.42
5.67
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жетісу облысында әйелдерге қаржылық сауаттылық пен құқықтық білім беріледі
Қаржылық сауат

Жетісу облысында әйелдерге қаржылық сауаттылық пен құқықтық білім беріледі

19.10.2026
0 мин
0
49

Жетісу облысында әйелдер мен қыздардың қаржылық сауаттылығы мен құқықтық білімін арттыруға бағытталған «Әйелдер даму алаңы» көшбасшылық және құқықтық білім беру жобасы аясында 50 дәріс өткізу жоспарланған, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қазан айында басталатын ағартушылық іс-шаралар облыстың 8 ауданы мен 2 қаласын қамтиды. Әр аумақта 5 тақырыптық дәріс ұйымдастырылып, қатысушыларға қаржылық сауаттылық пен құқықтық мәселелер бойынша қажетті білім беріледі. Сонымен қатар күнделікті өмірде қолдануға болатын практикалық дағдыларды меңгеруге мүмкіндік жасалады.

Дәрістер барысында жеке және отбасылық бюджетті жоспарлау, кірістер мен шығыстарды тиімді басқару, қаржылық мақсаттар қою, қаражат жинау және несие шарттарын дұрыс түсіну мәселелері қамтылады. Сондай-ақ қатысушылар еңбек құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктер туралы ақпарат алып, өз құқықтарын білуге және қаржылық шешімдерді сауатты қабылдауға бағытталған білімдерін жетілдіреді.

Бағдарламаның маңызды бөлігі қаржылық алаяқтық пен цифрлық қауіпсіздікке арналған. «Онлайн алаяқтықты қалай тануға болады? Қаржы пирамидасының негізгі белгілері қандай? Банктік карта, аккаунт пен жеке деректерді қалай қорғау керек?», - осындай сұрақтар дәрістер барысында нақты мысалдар арқылы талқыланады.

Оқыту тек дәріс тыңдаумен шектелмейді. Қатысушылар жеке қаржылық мақсат пен әрекет жоспарын әзірлеп, бір айлық бюджет үлгісін құрып, күдікті қаржылық жағдайларды талдайды және құқық бұзылған кезде әрекет ету алгоритмін қарастырады. Әр сабақта практикалық жұмыс, сұрақ-жауап және кері байланыс бөлімі қарастырылған. Жоба шеңберінде 2 спикерді тарту және кемінде 5 ақпараттық-оқыту материалын әзірлеу жоспарланған.

Жобаны Жетісу облысы ішкі саясаты басқармасының қолдауымен, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ гранттық жобасы аясында «Жоғары жастар кеңесі» қоғамдық бірлестігі жүзеге асырады.

Алдағы 50 дәріс өңірдегі әйелдер мен қыздарға қаржы мен құқық саласындағы маңызды білімді қолжетімді әрі практикалық форматта ұсынуға бағытталған.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл