Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Жетісу облысының Қоғамдық даму басқармасы, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» қолдауымен «Жоғары жастар кеңесі» ҚБ ұйымдастыруымен «NarcoSTOP» жобасы аясында «Есірткіге қарсымыз» атты Талдықорған қаласындағы орталық көшелер мен ғимараттардың қабырғаларынан есірткі сатуға қатысты сайттарды жарнамалайтын граффити-жазуларды алып тастау жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараға қаланың 30 жуық белсенді жастары мен Жетісу облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қолдау көрсетті.
«Бұл іс-шарада қала тұрғындарына есірткіге байланысты үнпарақтарын тара отырып, есірткіге байланысты қылмыстық жаза іс-әрекеттерінің түрлері мен есірткі айналымына заңсыз қатысқан үшін қылмыстық жауапкершілікті түсіндіріп өттік. Мұндай шаралар еліміздің өскелен ұрпағын есірткіге қарсы тәрбиелеу мен денсаулыққа зияынды заттардан аулақ ұстауға бағытталған. Есірткі — ешкімді аямайтын зұлымдық.» - Жетісу облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі полиция подполковнигі Искакова Меруерт Сеитовна айтып өтті.
Сонымен қатар, синтетикалық есірткілердің жарнамасын жасау, жазбалар қалдыру, ғаламтор арқылы жұмыс жасау үшін ҚР ҚК-нің 299-1-бабының негізінде жауапкершілік қаралғанын айтып өтті.