Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жезді кентінде тасқыннан қираған көпір әлі жөндеуден өтпеді
Жаңалықтар

Жезді кентінде тасқыннан қираған көпір әлі жөндеуден өтпеді

09.11.2024
1 мин
0
64
Сурет: khabar

Ұлытау облысындағы Жезді кентінде көктемгі су тасқыны кезінде қираған жаяу жүргіншілер көпірі әлі қалпына келтірілмеген, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Кенттің мыңнан астам тұрғыны сегіз айдан бері қауіпті өткелден өтуге мәжбүр. Жергілікті әкімдік "жөндеп береміз" деп уәде бергенімен, тұрғындар әлі нәтиже көрмей, арнаға шағымданды. Жезді кентін қиып өтетін өзен үстіндегі бұл көпір ең қысқа және жалғыз жол саналады. Көктемгі тасқын кезінде мұз қозғалысы көпірді бұзып, апатты жағдайға жеткізген. Арғы бетте орналасқан мыңнан астам адам сегіз айдан бері бүлінген көпір арқылы қатынап жүр. Жезді кентінің тұрғыны Арыстан Асылбеков:

- Көпір қисайып тұр. Сырғып, сақтанып өтеміз. Басқа айтарымыз жоқ. "Ақша бөлінуде, жақында істейміз" дейді. "Қыркүйектің 30-ына дейін жөндейміз" деген, қазір қараша болды, әлі нәтиже жоқ.

Көпір бұзылғаннан кейін аудандық білім бөлімі мектеп оқушыларына арнайы автобус бөлген. Бірақ ол автобус та кейде жүрмей қалып жатады, сондықтан ата-аналар балаларын айналма жолмен көлікпен жеткізуге мәжбүр. Жезді кентінің тұрғыны Сабыржан Әбеев:

- Балалар мектепке, музыкалық мектепке, басқа үйірмелерге қатынайды. Біреудің жарақат алуын күтіп тұрғандай. Көпір тайғақ, сырғанақ. Сабаққа бармай қойсын десең тағы болмайды.

Көктемгі тасқын кезінде кентте ауызсу құбыры мен газ желісіне де зақым келген болатын. Оннан астам үй су астында қалып, төтенше жағдай жарияланып, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Алайда қираған көпірді жөндеу әлі де қолға алынбаған, деп хабарлайды кент әкімі. Мемлекеттік сатып алу байқауында жеңген мердігер шартқа қол қоюдан бас тартқан.

Жезді кентінің әкімі Мұратбек Жұмабек:

- Қазір сметалық құжаттар жаңадан жасалып, ауа райына байланысты кей жұмыстар алынып тасталды. Келесі апта дүйсенбіде байқау нәтижесі шығады. Жеңімпаз анықталса, шартқа қол қойылады. Сметада 22 миллион теңге қарастырылған.

Кент әкімдігі апатты көпірді жаңа жылға дейін жөндеуге уәде беріп отыр. Алайда тұрғындар бұл уақытқа дейін қауіпті өткелмен жүріп тұруға мәжбүр.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл