Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қр еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Жітіқарада жер үйден шыққан өрттен ажал құшқан бес баланың оқиғасына қатысты тың деректерді айтты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Министр отбасыға тиісті көмек көрсетілгенін айтты.
– Сол қайғылы оқиға болған күні сағат бесте сол үйдің үлкені көршілеріне өрт болғаны жөнінде хабар берген. Өрт сөндірушілер келген кезде өкінішке қарай кеш болған. Мен ол кезде өзім Алматыда іссапарда жүргенмін. Бірақ қайғылы оқиға болған үйге департамент директоры бірден жіберілді. Ол бастан аяқ сол жерде жүрді, тіпті жаназаға да қатысты. Тиісті көмек көрсетілді, – дейді Сватлана Жақыпова.
Светлана Жақыпованың сөзінше, отбасыға атаулы әлеуметтік көмек беріліп келген. Сондай-ақ бес бала екі әкеден туған. Әйел бұған дейін бірінші күйеуімен ажырасқан.
– Бір күйеуінен екі, екіншісінен үш баласы болған. Ең кішкентай баласы бір жасқа мамыр айында ғана толған. Сол кезде оған көпбалалы “Күміс алқа” статусы берілген. Жазда анасы бірінші күйеуінен алимент ретінде 300 мың теңгеден артық ақша алған. Тоқсанына бір рет оған 290 мың теңге мөлшерінде атаулы әлеуметтік көмек берілген. Яғни, жап-жақсы ақша алып отырған, – дейді министр.
Балалары ажал құшқан әйел дүкенде тазартушы болып жұмыс істеген.
– Бірақ сол түні ол қалаға кетіп қалған. Қандай себеппен кеткенін тергеу органдары біледі. Себебін мен білмеймін. Бір факт: үйге 29 жастағы азамат келіп, кешкі сағат тоғызда үйдің пешін жағып, кетіп қалған. Оған үйді жылытып қоюды балалардың анасы тапсырған, – дейді министр.