| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Соңғы екі жылда бұл мақсатта құқық қорғау органдарының қатысуымен 800-ден астам профилактикалық іс-шара ұйымдастырылған, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қазақстанның жоғары оқу орындарында студент жастар арасында нашақорлықтың алдын алу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан мәлімдеді.
Спикердің айтуынша, жастармен жүргізілетін негізгі идеологиялық жұмыстар Абайдың «Толық адам» іліміне негізделген. Сонымен қатар, студенттердің білімін арттыру мақсатында Coursera халықаралық платформасында наркомания тақырыбына арналған арнайы курстар енгізілген. Онда тәуелділіктің алдын алу, наркополитика және емдеу тәсілдері қамтылады.
Практикаға басымдық берілген.
Теориядан гөрі нақты өмірлік тәжірибенің маңызы жоғары. Осыған байланысты соңғы екі жылда еліміздің ЖОО-ларында құқық қорғау органдарының қатысуымен 800-ден астам профилактикалық іс-шара өткізілген. Студенттер үшін онлайн форматта өмірде қателікке жол беріп, заң алдында жауапқа тартылған азаматтармен кездесулер ұйымдастырылып, олардың өмірлік тәжірибесі арқылы сабақ алу көзделген.
- Жастар – кәмелет жасқа толған азаматтар. Сондықтан біз құқық қорғау органдарымен тікелей жұмыс істейміз. Бұл жұмыстар қоғамда “Заң мен тәртіп” қағидатын нығайтуға бағытталған, – деді Ақерке Абылайхан ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстел барысында.
Психологтар даярлығы артып келеді.
Сонымен қатар, жоғары оқу орындарының психолог мамандары Еуропалық Одақтың CADAP жобасы аясында нашақорлықтың алдын алу бойынша арнайы семинар-тренингтерге қатысты. Қазіргі таңда 9 психолог халықаралық сертификат алып, бұл тәжірибені еліміздің өзге ЖОО-ларында енгізу жұмыстарын бастап кеткен.
Мамандардың пікірінше, кешенді профилактика мен саналы көзқарас қалыптастыру – жастарды зиянды әдеттерден қорғаудың ең тиімді жолы.