Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
8 желтоқсан кешкі уақытта Самара - Шымкент автожолында Toyota Camry 30 автокөлігінің 30 жастағы жүргізушісі Хромтау қаласы жағынан Әйтеке би ауданының Қарабұтақ ауылы бағытында жүріп келе жатып рульді басқара алмай, жыраға аударылған.
Жүргізуші Әйтеке би ауданының ауруханасына жеткізілді, ал 3 жасар бала алған дене жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды. Сот-медициналық және автотехникалық сараптамалары тағайындалды.
ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігі (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүру немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.