| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында ер адам полиция бөлімшесінің кіреберісінде өзін өртемек болып, суицидке әрекет жасады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бұл туралы өңірлік полиция департаменті хабарлады.
Алдын ала мәліметке сәйкес, оқиғаға дейін тәртіп сақшылары жол жүру ережесін бұзған автокөлікті тоқтатып, жүргізушіге әкімшілік хаттама рәсімдеген. Бірнеше уақыт өткен соң, сол адам полиция бөліміне қайта келіп, инспекторлардың әрекетіне реніш білдірген.
Бақылау бекетінде ол үстіне жанғыш зат құйып, өзін өртемекке талпынған. Полиция қызметкерлері жағдайды дер кезінде бақылауға алып, ер адамды тоқтатып үлгерген. Кейін ол медициналық мекемеге жеткізілген.
Қазіргі уақытта оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тексеру барысында оқиғаның нақты себептері анықталатын болады.