Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жүк көлігі отқа оранып, 840 тонна мал азығы өртеніп кеткен
Жаңалықтар

Жүк көлігі отқа оранып, 840 тонна мал азығы өртеніп кеткен

06.10.2022
1 мин
0
735

Атырауда КамАЗ жүк көлігі мен 2400 орама шөп өртеніп кетті. Өрт Жылыой ауданына қарасты Шоқпартоғай ауылында болған.

 

Бұл туралы ақпарат төтенше жағдайлар департаментінің 101 байланыс орталығына кеше, 5 қазанда сағат 12:09-да түскен.

 

«Жылыой ауданы, Шоқпартай ауылындағы Бопай ханым көшесінде ашық аумақта мал азығы үшін жиналған шөп жанып жатқаны туралы шақырту түсті. Шоқпартоғай ауылы Жылыой аудандық өрт сөндіру бөлімінен 27 шақырым қашықтықта орналасқан. Өрт сөндірушілер шақырту орнына жеткенде КамАЗ маркалы жүк көлігі өртенгенін анықтады. Соның салдарынан жалын ашық алаңда жинаулы тұрған орама шөпті шарпыған», - деп хабарлады департамент.

 

Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 8 қызметкері мен 2 техникасы тартылды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл