Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жұмыс берушінің қанша жалақы мен табыс салығын аударғанын тексеруге болады
Жаңалықтар

Жұмыс берушінің қанша жалақы мен табыс салығын аударғанын тексеруге болады

07.05.2021
1 мин
0
1347

Бұдан былай қазақстандықтар жұмыс берушінің қанша жалақы, табыс салығы мен әлеуметтік төлемдерді аударғанын тексере алады. Мемлекеттік кірістер комитеті Е-Salyq Azamat мобильді қосымшасындағы "қызметкердің еңбегіне ақы төлеу" сервисін іске қосты, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

"Бұл жүйе қызметкерге есептелген жеке табыс салығы мен зейнетақы жарнасының, міндетті әлеуметтік аударымның және медициналық сақтандыруға әлеуметтік төлем сомаларын қарап шығуға мүмкіндік береді. Сервисте 2020 жылдың барлық кезеңдерін қарауға болады", – делінген хабарламада.

Мамандардың түсіндіруінше, деректерге қол жеткізу үшін электрондық цифрлық қолтаңба немесе SMS құпия сөзі арқылы сәйкестендіруден өту қажет. Ал SMS хабарлама мобильді азаматтар базасында (ХҚКО) тіркелген ұялы телефон нөміріне түседі.

Сондай-ақ, деректерді қарау үшін "салық әмияны", "қызметкердің еңбегіне ақы төлеу" қосымша бетін таңдап, жыл мен кезеңді таңдау керек. Ол жерде мәліметтер болмаған немесе деректер сәйкес келмеген жағдайда, салық есептілігін түзету үшін жұмыс берушіге жүгінуге тура келеді.

Айта кетейік, E-Salyq Azamat тегін мобильді қосымшасын App Store немесе Play Market-тен жүктеуге болады.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл