Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Еліміздің бас қаласында жұмыс істейтін жастарға жалға берілетін баспана бағдарламасы бойынша 2019 жылдан бері 1 400 азамат баспаналы болды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Бағдарлама аясында алғаш 2019 жылы 1050 пәтердің кілті табысталса, 2020 жылы карантин талаптарына байланысты 350 пәтер қолдануға берілген. Ал 2021 жылы елордада жұмыс істейтін жастарға 1050 баспана беру жоспарланған.
Жобаның басты мақсаты – жастарды қолдау үшін жұмыс істейтін 29 жастан аспаған азаматтарды жалдамалы пәтермен қамтамасыз ету. Бағдарлама аясында пәтер кілтін алған азамат 5 жыл ішінде жалдамалы пәтерде тұру арқылы қаражат жинап, болашақ жеке баспанасын алуға мүмкіндік жасау.
Жобаға қатысушыларға қойылатын талаптар:
Ресми мәліметке сүйенсек, өткен жылы 1-6 желтоқсан аралығында 5 463 өтінім қабылданған. Өтінім берген қатысушылар арасында іріктеу балдық жүйе бойынша, ал пәтерлерді бөлу өтініш берушінің отбасы құрамына сәйкес жүргізілді.
Тағы көру