Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жүргізуші куәлігін алу қиындайды ма?
Жаңалықтар

Жүргізуші куәлігін алу қиындайды ма?

20.04.2023
1 мин
0
1036

Жылда елімізде 10-15 мың жол-көлік оқиғалары тіркеліп, салдарынан 2 мыңға жуық адамдар қаза табады. Оған себеп, емтиханды тапсырмай-ақ жүргізуші куәлігін еш кедергісіз оп-оңай алу мүмкіндігінің артуы. Осыған орай, депутат Олжас Құспеков бұл қызмет түрін «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы құзыреттілігі аясынан алып тастауды ұсынды,  деп хабарлайды Dauletten.kz.

Депутаттың сөзінше, емтиханды тапсырмай жүргізуші куәлігін алуға мердігер компанияның қызметкерлері де, автоЦОН қызметкерлері де көмектесуде.

«Жыл сайын жол ережелері емтиханын тапсырушылардың саны орташа есеппен 424 мың адамды құраса, ең төменгі жобамен олардың 10 пайызы – 42 мың адам куәлікті сатып алса,  сатудан түскен қаражаттың көлеңкелі айналымы жыл сайын 8 млрд теңгеден асады. Жүргізуші куәлігін алу кезінде сыбайлас жемқорлыққа жол берілгендіктен, бұл мемлекет қызмет түрін «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы құзыреттілігі аясынан алып тастау ұсынылады», - дейді Олжас Құспеков.

Фото: Ашық дереккөзден

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл