Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Журналист Дана Орманбаеваны халықаралық іздеумен Интерпол айналысып жатыр. Бұл туралы Мәжіліс кулуарында Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Ғалымжан Қойгелдиевтің айтуынша, Орманбаева Қылмыстық кодекстің 174-бабы – ұлттық араздықты қоздыру бойынша іздеуде.
Тергеу органдары оның орналасқан жерін анықтау жұмыстарын жүргізуде, бұл процеске Интерпол тартылған.
- Оған қатысты 6 бап бойынша халықаралық іздеу жарияланды, олардың басым бөлігі алаяқтыққа байланысты. Қазіргі орналасқан жері белгісіз. Алайда әлеуметтік желілерде оның БАӘ-де екені туралы ақпарат тарады. Бізде бұған қатысты нақты дерек жоқ. Тергеу аяқталғаннан кейін, істің сотқа жететіні немесе жетпейтіні белгілі болады, – деді Қойгелдиев.
Айта кетейік, Дана Орманбаеваға қатысты қылмыстық іс 2024 жылдың сәуірінде әлеуметтік желілердегі жарияланымдарға байланысты қозғалған.