Жыл басынан бері 1000-ға жуық сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелген
24.07.2023
2 мин
0
473
Фото: depositphotos.com
Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағалиды қабылдады, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Кездесу барысында төраға сыбайлас жемқорлыққа қатысты есебін беріп, атқарылған іс-шаралармен бөлісті.
Атап айтқанда:
сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сырттан талдау жүргізу кезінде жерді бөлу және Алматының қала құрылысын дамыту ісін жоспарлау барысында жиі қайталанатын заң бұзушылықтарға жол берілгені анықталған;
білім беру саласындағы бюджеттік өтінімдерді әзірлеу тетіктерінің жетілдірілмегеніне, қызметкерлерді бір орталықтан есепке алудың болмауына және қаржы жымқыруға әкеп соқтырған бухгалтерлік жүйелердің қазынашылықтағы деректер базасымен біріктірілуіне байланысты тәуекелдер анықталған;
кәсіпкерлікті дамытуға кедергі келтіретін әкімшілік тосқауылдарды жою үшін «Бизнеске жол» жобасын жүзеге асыру ісі жалғасатынын, сонымен қатар бұл бастама қолға алынған сәттен бері 21 мың бизнес субъектісіне көмек көрсетіліп, 400-ден астам түйткілді кейсшешімін тапқан;
биылғы 6 айда 130 нысанға талдау және мониторинг жүргізілгені, жемқорлықты жоюға қатысты 1000-нан астам ұсыныс енгізілген;
жыл басынан бері елімізде 1000-ға жуық сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс тіркеліп,700-ден астам адам әшкереленген. Оның 98-і түрлі деңгейдегі басшылар;
сотқа дейінгі аяқталған тергеу амалдарының нәтижесі бойынша 232,6 миллиард теңге өтелген;
1,5 жылда бюджетке және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне шамамен 860 миллиард теңге көлемінде мүліктік активтер мен ақшалай қаражат қайтарылған.