Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Жыл басынан бері Қазақстанға 12 млн дана гүл әкелінген. Бұл шамамен 640 тоннаға жуық. Бұл туралы Dauletten.kz 24KZ арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Мемлекеттік кірістер комитетінің дерегі бойвнша импортталған өнімге 5 млн доллар жұмсалыпты. Әсіресе раушан гүлдеріне сұраныс көп. Оның үлесі 9 млн-нан асқан. Құны 3,4 миллион долларға жуық. Тізімді хризантема жалғайды. Оның 1 млн данасы қуаныш иелерін қуантқан. Қалампырды да жақсы көретіндер көп боп шықты. 9 тоннасына 68 мың доллар жұмсалды.
Гүлдің негізгі импорттаушылары Эквадор, Нидерланды, Колумбия, Қытай, т.б. елдер.
Бір жылда елдегі гүл бағасы 8% қымбаттады. Оған тасымал шығындары да әсер еткен. Ішкі өндіріс те қарқынды. Былтыр 17,6 млн гүл жиналған. Олар 13 аймақта өсірілді.