Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жыл басынан бері ҚР Ұлттық музейіне 500 мыңнан астам адам барған
Жаңалықтар

Жыл басынан бері ҚР Ұлттық музейіне 500 мыңнан астам адам барған

22.11.2023
1 мин
0
612
Фото: ҚР Ұлттық музейі парақшасынан

2023 жылдың 10 айында Ұлттық музейге жарты миллионнан астам адам келген, деп хабарлайды Dauletten.kz, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап. 

Ұлттық музейде 34 ірі көрме ұйымдастырылған. Оның 4-і халықаралық деңгейдегі жобалар. Айта кетейік, «Музейлер түні» акциясы аясында Ұлттық музейді бір түнде 47 мыңнан астам адам тамашалаған, бұл - қазақ музейлерінің тарихындағы рекордтық көрсеткіш.

Музейде оқушылар аудиториясын тарту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. «Музейдегі оқу күні» мәдени-ағартушылық жобасы аясында елордалық мектеп оқушылары Қазақстан тарихы бойынша музей сабақтарына қатысуда. Мереке кезінде студенттер экскурсияларға, әр түрлі сабақтарға, шеберлік сабақтарына, квесттерге, конкурстарға және жарыстарға тегін қатысады. Оқушылар аудиториясының үлесі келушілердің жалпы санының шамамен 30 процентін құраған. 

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылдан бері Ұлттық музей тарихында келушілердің екі негізгі көрсеткіші тіркелген. 2017 жылы ЭКСПО халықаралық көрмесі аясында Ұлттық музейді 280 мың адам тамашаласа, өткен жылы бұл көрсеткіш 330 мың адамға жеткен. Биылғы жылдың 10 айында келушілер саны 516 397 адамды құрады, бұл еліміздің ұлттық мәдени мұрасы мен тарихына қызығушылықтың артқанын көрсетеді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл