Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанда резидент емес компанияларға жаңа салық енгізу мәселесі талқыланып жатыр. Яғни бұл салықты өз жұмысын электронды форматта көрсететіндер төлейді. Олар салық төлеуші ретінде өздері тіркелуі тиіс.
Бүгінде нарықта 10-нан астам отандық сауда алаңы жұмыс істейді.
Салық алынатын қызметтер сапында бағдарламалық қамтамасыз ету құқығын сатып алу, компьютерлік ойындар, интернеттегі деректер базасы бар. Сондай-ақ электронды кітаптарды сатып алу, музыкалық және аудио шығармаларды тыңдау, көру де кіреді. Маркетинг және жарнама саласындағы қызметтер де салық төлейтін болады.
Мамандардың айтуынша, бастама қазақстандық және шетелдік компаниялардың бәсекелестігін арттырады. Ең бастысы, бюджетке жыл сайын 2 млрд теңге түсіп отырады деген болжам бар.